Қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінің қазіргі кейпінің қалалықтардың қытығына тиіп тұрған жайы бар. Өйткені, әйнектері пайдалануға берілгелі сүртілмесе керек, салтақ-салтақ. Кей жерлері шытынап кеткен. Төселген тас жол да шұрқ-тесік.
Есен, қала тұрғыны:
Жасалғанда дұрыс бітірмеген ғой негізі. Полын дұрыс салу керек. Қыста қар түскенде жүру тіпті мүмкін емес.
Батырбек ӘМІРОВ, қала тұрғыны:
— Қалаға келген сайын осы көпірмен өтеміз. Көп көңілге қонбайды. Үстерінің бәрі лас.Сүртілмеген,жуылмаған. Проводтар өзі қалай-солай салынған.
Жамал ҚАДЫРҚЫЗЫ, тілші:
— Сәтпаев даңғылы бойындағы бұл өткел 2010-шы жылы пайдалануға берілген. Ол үшін облыстық бюджеттен 140 млн.теңге бөлінген. Қазіргі кезде қаланың қақ ортасында орналасқан бұл өткелге ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Бұл өткелді қалалық әкімдік 2011 жылы өз балансына алған. Оны күтіп-ұстауды «Арнаулы автобаза» мекемесіне тапсырыпты. Оларға сенсек, өткел жыл сайын жөнделеді. Бірақ, мұндай жұмыстардың соңғы рет қашан жүргізілгенін өздері де білмейтін болып шықты.
Темірлан ӘУБӘКІРОВ, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
— «Арнаулы Автобаза» мекемесінің өздерінің графикасын қараумыз керек. Нақты менде ондай мәлімет жоқ. Сапасы қалыпты деңгейде. Қазір халыққа қызмет көрсетіп тұр.
Әрине, ұзындығы 155 метр болатын өткелдің тұрғындардың қажетіне жарап тұрғанын ешкім жоққа шығара қоймас. Бірақ, оның сыртқы бет-бейнесінің қашан талапқа сай болатындығы сол күйі белгісіз қалды.