Атырауда жыл басынан бері 600-ден астам жол-көлік оқиғасы болып, 73 адам көз жұмса, 900-ге жуығы түрлі дене жарақатын алған. Полицейлердің айтуынша, жол апаты көбінесе жүргізушілердің жылдамдықты асырып, қарсы бетке шығып кетуінен болады. Осыған орай полицейлер мен құтқарушылар және жедел жәрдем қызметкерлері бірлесіп облыс аумағында «Жол қауіпсіздігі» акциясын ұйымдастырды. Яғни, мамандар 11-17-қараша аралығында қала көшелерін арнайы қызметтік автомен аралап, жүргізушілердің назарын аударады. Мұндағы басты мақсат -жүргізушілерге жол үстінде оқыс оқиғаға кез-келгенінің тап болуы мүмкін екендігін ұғындыру, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу, — дейді полицейлер.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0