Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Жылыойда соңғы 5 жылда 10-ға жуық адам оққа ұшқан (видео)

Атырау, Caspian News.

Жылыой ауданында соңғы 5 жыл ішінде 10-ға жуық адам оққа ұшқан. Ел аман, жұрт тынышта қыршынынан қиылып жатқан жастар туралы Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев айтты. Оған сенсек, болашақ ұрпақтың бір-біріне бұлайша қатыгездік танытуына – тәрбиенің кемшін болуы себеп. Сондықтан ол, аудандағы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділеріне бұл бағыттағы жұмыстарды ата-аналармен біріге отырып жүзеге асыру керектігін айтты. Бірақ, оның қалайша жүргізілуі туралы толыққанды ақпаратпен бөліспесе де, бастысы – тәлім-тәрбие беру полицияның міндеті еместігін ашып айтты.

Оқи отырыңыз...

АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (видео)

АТЫРАУЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АЙЫНА 9-10 МЫҢ ТОННА АВТОГАЗ КЕРЕК

Атырауда жасөспірімдер арасында суицид көбейген