Жаңалықтар

ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ЕСЕБІ

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиыны Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жайық спорт кешенінде өтті.

Бір айта кетерлігі — биылғы кездесуде айтарлықтай қызықты жайттар орын алған жоқ. Өйткені, былтырғы жылғы секілді Нұрлан Ноғаевқа бауырсақ, бал-қаймақ, құрт әкелгендер болмады. Бетінен де ешкім сүйген жоқ. Өңір басшысының қызметкерлерімен біріге отырып, өткен жылы атқарған істерін тыңдауға екі мыңға жуық адам жиналды. Сәлден соң есеп соңы әдеттегідей сұрақ-жауапқа ұласты. Тонналап қырылған балық жиналғандардың біразын алаңдататын болып шықты.

Ал, жолаушылар тасымалы бойынша өткен жылы қалаға сексеннен астам автобус әкелініпті. Биыл Теңізшевройл компаниясының қаржылай қолдауымен тағы да 50 автобус келмек. Олардың 20-сы Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласына берілетін көрінеді. Сондай-ақ, жаңа ықшам аудандарда 25 мың пәтерлік 430 көпқатарлы тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Бұдан өзге Нұрлан Ноғаев бірнеше адамның өліміне себепкер болған жеделсатылардың жайын да қозғап өтті.

Есептік кездесу кезінде ұсыныс-пікір мен арыз шағым айтып, қырыққа жуық адам сөз алды. Көпшілігі — қариялар мен ақ жаулықты аналар. Бір өкініштісі – ел-жұрттың қамынан гөрі, жеке бастың мәселесі жиі айтылды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *