Жаңалықтар

ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды. Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев аудан активіне Мейірім Қалауиды таныстырды.

Мейірім Қалуи еңбек жолын 2006 жылы бастап, түрлі салада қызмет атқарған. Ал мемлекеттік қызметке 2012 жылы ауысып, Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары секілді лауазымды қызметтерде болды. Ал, 2016 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев 33 жастағы жаңа әкімнің кәсіби біліктілігіне еш күмәнданбайтындығын және тапсырылған істі алдағы уақытта да тиянақты орындайтындығына сенім білдірді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *