Бұл – қаладағы салынғанына 70 жылдай уақыт болған Мағжан Жұмабаев атындағы №1 орта мектеп. Осыдан екі жыл бұрын білім ордасында жүргізілген техникалық зерттеулерден кейін оның кәдеге жарамайтындығы анықталған болатын. Қазіргі уақытта ғимаратты сүру жөнінде қаулы қабылданып, жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Ал оның орнына 160 орындық жаңа оқу ошағы салынбақ. Мектептің құрылысы көктемнің аяғында басталмақ,- дейді Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Қабденов. Айта кетейік, апаттық жағдайдағы оқу ордасының оқушылары қазір ғимаратқа жақын маңда орналасқан №18 орта мектепте білім алуда.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0