«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы cntv.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл қызметті енді Шухрат Данбай атқаратын болды. Ол соңғы бір жарым жылда «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-да қайта өңдеу бойынша басқарушы директоры болып еңбек еткен. Ал осы уақытқа дейін Атырау мұнай өңдеу зауытына басшылық еткен Ғалымжан Амантурлин зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылды.
Шухрат Данбай 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Мұнай жеткізу және өңдеу, мұнай өнімдерін көтерме-бөлшек сатумен айналысатын ірі коммерциялық құрылымдарға басшылық еткен: «Гелиос», «Қазақстан — Отын-энергетикалық кешені» ЖШС, сондай-ақ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-да бас директор боп еңбек еткен.