Жастар арасында діни кітаптар оқудан өткізілген жарыс өз мәресіне жетті. Осыдан бір ай бұрын «Иманғали» орталық мешітінде басталған байқауға 40 үміткер қатысып, олардың 20-сы ғана екінші кезеңге өткен. Ал ақтық сынға шыққан төрт жігіт бас бәйге үшін бақ сынады. Үміткерлерді құранды мәнерлеп оқу, әріптердің дұрыс дыбысталуы, тиісті ережелерді сақтауы бойынша бағалаған мамандар бас жүлден і- алматылық Берік Мадиярға тапсырды.
Бұл мешіт тарапынан жастар үшін өткізіліп жатырған алғашқы да, соңғы да жарыс емес. Жастарды қоғамда белең алып бара жатырған жат ағымдардан қорғау, тура жолға тәрбиелеу, асыл дінімізді дұрыс насихаттау бағытында алдағы уақытта да көптеген шаралар ұйымдастырылмақ. Ол жөнінде Иманғали мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров айта берді.
Айта кету керек, жеңімпаздан бөлек ақтық сынға өткен қатысушылар да ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ал, жеңімпаздарды ресми түрде марапаттау рәсімі 21 Желтоқсан күні Мәуліт мерекесі қарсаңында өтпек.