Жаңалықтар

ЖАН-ЖАҒЫН ГҮЛМЕН КӨМКЕРГЕН

Расиля Ихласованың үйі бейне бір гүл бағы ма дерсің. Өзінің айтуынша, бегония, фикус, гипеаструм, юкка секілді гүлдердің 50 шақты түрін өсіреді. Одан бөлек шатыраш, жаужапырақ, жалбыз, сасықшөп, шашыратқы, алатікен секілді дәрілік өсімдіктер тағы бар.

Бұрынғы есепші гүл өсіруден өзге мүсіндеумен айналысқанды да ұнатады. Жұмыс барысында ол мақтаны, қайыршақты тіпті кәдімгі қамырды да пайдаланатын көрінеді. Оның кез-келген бастамасына отбасы мен жақын-жуықтары үнемі қолдау білдіруден тынбайды. Ал, Расила Ихласованың қолынан шыққан дүниелерді алдымен оның 12 жастағы баласы көріп, бағасын береді екен.

Расиляның шағын шеберханасы да бар. Мына тұрған картиналар мен ұсақ-түйек бұйымдарды балалары мен немерелеріне арнап өзі жасапты. Сөрелерде самсап тұрған құмыралар мен сандықшалар да оның қолынан шыққан. Айтуынша, бұлардың біреуін дайындауға бір аптадан бір айға дейін уақыт кетеді екен.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *