Атырау, Caspian News. Биыл елімізде жанар-жағар май бағасы көтерілмейді.
Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. «Ағымдағы жылы бензин және дизель отынының қымбаттауына еш негіз жоқ. Қауесет, жорамал жасап қажет емес. Себебі биыл ештеңе өзгертейін деп жатқанымыз жоқ, оның ішінде акциз де бар» деді ол. Сондай-ақ, Бозымбаев алдағы алты айда республика аумағынан автоцистерналармен жанармай, дизельді отын және мұнай өнімдерінің басқа да түрін шығаруға тиым салынатындығын ескертті. Бұл туралы министрлік ҰҚК және Қаржы Министрлігімен біріге отырып, бұйрық шығарып, оны Әділет Министрлігінде тіркетіпті. Еске сала кетейік, Қанат Бозымбаев осыған дейін елімізде жанармай құнының Ресеймен теңесетіндігін айтқан еді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0