Жаңалықтар

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ

Бүгін елімізде өткен жалпыхалықтық диктантқа атыраулықтар да ат салысты. Оған облыс бойынша 80 000-ға жуық, ал қала бойынша 40 мыңнан астам адам қатысты. Бұл диктанттың басты ерекшелігі — мәтін латын графикасымен жазылды. «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайына жиналған осы саланың 80-ге жуық қызметкері бұл сынаққа дайындықты әліпбиді жаттаудан бастапты.

Ұйымдастырушылар әр қатысушыға көмек ретінде латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жазылған парақшаларды да беріп қойыпты. Дегенмен, ұялы телефонға жиі үңіліп, дайын мәтінді көшіріп бере салғандар да кездесті. Қалалықтардың жаппай жазған диктантын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары тексеріп, бағалайтын болады.

Шараның басы-қасында жүргендерге сенсек, диктант нәтижесі алдағы екі-үш күнде белгілі болмақ. Және олар қатысушылардың кем дегенде 60 пайызы жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттеніп отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *