Енді шетелдік жұмысшылардың дәрежесі жергілікті қызметкерлермен теңестіріледі. Олардың жатын орны, ішіп-жейтін тамағымен қатар, жалақысы да бірдей болуы тиіс. Бұл туралы еңбек заңнамасына енген өзгерісте көрсетілген. Бұған дейін өңір жұмысшылары осындай талап қойып, бірнеше мәрте бас көтерген еді. Енді бұл тәртіп бұзылса, мекеме басшылығы заң алдында жауап береді.
Игілік ӘУБӘКІРОВ, Атырау обыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы
— Былтыр біз ҚР бас прокурорының тапсырмасы бойынша, 40-тан астам мекемені тексердік. Шетелдік үлесі бар мекмеелер де бар ішінде. Сонда біз 100ден астам заңбұзушылық анықтадық. Кемсітушілік бойынша. Жалақы, тұрмыстық жағдай бойынша мәселелерді анықтадық. Оларға 88 млн теңге айыппұл салынды.
Әр компанияда еңбек дауын қарайтын келісім комиссиясының болуы да заңмен бекітілді. Аталған комиссия еңбек инспекциясына дейінгі мәселелерді шешуі тиіс. Тағы бір өзгеріс аяғы ауыр әйелдердің құқығына байланысты. Оларға жүктілігінің 12 аптасынан кейін вахталық әдіспен жұмыс жасауға тыйым салынады. Ал дәрігерге қаралатын болса, мекеме ақылы үш жұмыс күнін ұйымдастырып беруі тиіс. Сондай-ақ, жұмыс беруші декреттік демалысқа шыққан қызметкерді орнынан босата алмайды. Ол да заңда тайға таңба басқандай жазылған. Биыл еңбек кодексіне 90 түрлі өзгеріс енгізілді. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы осы бағыттағы түсінік жұмыстарын аудандар мен өңірдегі мекеме басшыларына онлайн ұйымдастыруда.