Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

БІРІНШІ ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыстық әкімдікте кадрлық ауыс-түйіс. Өңір басшысының су жаңа бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл қызмет осыған дейін де әкімдіктің басы-қасында жүрген Нұрлан Таубаевқа бұйырды. Апта басталысымен әлеуметтік желіні шарлаған мәліметті облыс әкімінің баспасөз хатшысы қанша жерден жоққа шығарса да, жаңалық ресми түрде расталды. Сонымен, Нұрлан Таубаев 1976 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1995 жылы  «Экспресс-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметінен бастаған ол 1998-2000 жылдар аралығында «Денсаулық» және «Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры болды. Кейін алты жыл бойы  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар  көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. Қызмет бабында тек басшылықта жүрген ол өткен жылы да Атырау облысы әкімінің орынбасары ретінде тағайындалған.  Соңғы қызметі — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы.

Оқи отырыңыз...

КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ АРҚЫЛЫ МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

«НҰРАЙ» КЕЙПІНДЕГІ АЛАЯҚ: АСТАНАДА ТАНЫСУ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ МИЛЛИОНДАР ЖЫМҚЫРҒАН ЖІГІТ СОТТАЛДЫ

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ БАСТАМАСЫ