Басты ақпаратЖаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЖАҢА МЕРЕКЕ ПАЙДА БОЛДЫ

Елімізде жаңа мереке пайда болды. 2 ақпан – ұлттық басылым күні болып бекітілді. Мұндай жағымды жаңалықты ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялыларының бастамасымен жарық көрген еді. Естеріңізге салайық, 2019 жылы «28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні», 2021 жылы «1 қазан — Радио қызметкерлерінің күні» болып жарияланған еді. Бұл мейрамның күз айында аталып өтуіне негіз бар. Өйткені, қазақ жерінде радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған.
Толығырақ https://fb.watch/lvJVqOpbpm/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *