Өңірдекоронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді. Төртеуі де Теңіз кенішінінің жұмысшылары,- деп хабарлайды облыстық ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб. Науқастар бұған дейін ауру жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантинді стационарға оқшауланған. Енді олардың өзімен қарым-қатынас жасағандар анықталып, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Қазір ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 5 мамыр күнгі жағдай бойынша Атырау облысында Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 206 адамға жетті. Оның 70 процентке жуығы Теңіз кен орнынының жұмысшылары. Ал жазылып шыққандар саны 76.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0