Жаңалықтар

Атырауда жыл басынан бері 100-ден астам ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартқан (видео)

Атырау, Caspian News.

Өңірде жыл басынан бері 100-ден астам ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартқан. Ақ халаттылардың айтуынша, олардың 70 пайызы діни көзқарасына байланысты. Яғни, ата-аналардың арасында балаға екпе ексе, ауруға душар болады» деген түсінік бар. Мұндай теріс түсініктің алдын алу үшін №7-ші қалалық емханада облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұйымдастыруымен «Алдын алу. Қорғау. Иммундау» деп аталатын апталық өтті. Қала тұрғыны Зәуре Ғұбайдуллинаның да немересіне екпе салдыратын ойы жоқ. Оның сөзінше, вакцина жасатпас бұрын баланы дәрігердің тексерісінен толық өткізіп алуы қажет.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *