Атырау қалалық мәслихатының кезекті сессиясы осы жолы журналистерсіз өтті. Неге екені беймәлім, бірақ халық қалаулылары өздері талқылайтын тақырыптарды тілшілердің білгенін қаламады. Ал күн тәрібінде қаралған мәселе екеу: бірі – халық үшін өзекті саналатын азық-түлік бағасы және екіншісі білім беру, спорт саласындағы мемлекеттік қызмет туралы. Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетовтың баяндамасына қарағанда азық-түлік бағасы жыл басынан бері өсіп келеді. Өсім орташа есеппен 104 пайызға жеткен. Мысалы макарон өнімдері – 16, күріш 20, қырыққабат 43 пайызға дейін көтеріліпті. Қызығы сол – «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызды саналатын тамақ бағасын тұрақты ұстап тұру үшін кәсіпкерлер мен супермаркеттерге 3 жарым миллиард теңге беріп отыр. Бірақ бұған қарамастан өсім тоқтар емес және кейбір сауда нүктелерінің азық-түлікті белгіленген бағадан бірнеше есе артығымен сататындығы анықталды. Білім беру саласына келер болсақ, мұнда ата-аналардан құжат қабылдау жағы сандық форматқа ауысып келеді.
Толығырақ https://fb.watch/lyturakrq5/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0