Басты ақпаратЖаңалықтар

«Даму» қоры тегін көмек көрсетеді

Мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Оған мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялар мен кепілдік беру, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несие беру арқылы қолдау көрсетеді.

Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен қолдау көрсетеді. Қор қызметін бастаған күннен бері бағдарлама таңдаудан бастап, жоба жүзеге асқанға дейінгі көрсетілетін көмек ТЕГІН. Қор менеджерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғалы бері «Даму» Қоры бүкіл Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға қолдау көрсетті. Жобалар әртүрлі салаларды қамтиды. Бұл – мемлекеттің экономиканың барлық бағыттары мен қызмет түрлеріне көңіл бөлетінін көрсетеді. Әсіресе отандық өнім шығарушыларға, IT-технология, аграрлық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру саласына басымдық беріледі.

Қор өндірілетін өнімі мен қызметін сапалы деңгейге көтеруге қабілетті кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл – болашақта ол тауарлардың импортты алмастырып, бәсекеге түсе алуына оң әсер етіп, экспортқа шығуына мүмкіндік береді.

Анықтама: мемлекеттік қолдауға өтінімді «Даму» Қоры онлайн ресурстар арқылы тегін қабылдайды, және қандай да бір сыйақыны талап етпейді.
«Даму» Қоры мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақпарат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген өңірден тегін қоңырау шалуға болады) немесе өз өңіріңіздегі Қор филиалына тікелей хабарласуыңызға болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *