Атырау, Caspian News.
Бала асырап алуға ниетті жұптардың алдын ала психологиялық дайындықтан өткендері дұрыс. Өйткені, өңірімізде туғаннан да кем көрмейміз деп алып кеткен балаларды кері әкеліп тастайтындар көбейген. Бұл туралы Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің басшылығы айтып отыр. Зор үмітпен, жанұя жылуын аңсап барған балалар осыдан соң психологиялық соққы алып жатады дейді олар. Мысалы, өткен жылы оннан астам бала өз отбасымен қауышқанымен, екеуін қайтып әкелген.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0