Жаңалықтар

ГРАНД БАЛҒА ШАҚЫРАДЫ

Атырау жеріндегі алғашқы Гранд Бал-дың өтуіне санаулы күн қалды. Осыған орай, баспасөз конференциясын өткізген ұйымдастырушылар дайындық жұмыстары туралы айтып берді. Оларға сенсек, қайырымдылық шарасына қол ұшын созуға асық жандар билет бағасының 15 000 теңге екендігіне қарамастан сатып алуда. Тіпті жетпей жатқан көрінеді. Ал, түскен қаражаттың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіп, көзге түскен Ерлан Күмісқалиев басшылық ететін «Атырау – маленькая страна» қоғамдық ұйымының есебіне аударылатын болады.

Қайырымдылық кешке елімізге танымал өнер иелері келмек. Сонымен қатар жобаның авторы Алпамыс Шаримов те келушілерге арнайы тосын сый әзірлеп жатыр екен. Айта кету керек, ұйымдастырушылар Гранд балды өткізген соң қаладағы қарттар және балалар үйіне баруды жоспарлап отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *