Жерлестеріміз өткен аптада волейболдан Бурабай қаласында өткен республикалық жарыстан бас жүлдемен оралды. Оларды ата-аналары мен жаттықтырушылары күтіп алды. Өңірімізден барған волейболшылар Көкше жерінде 3 команда болып өнер көрсеткен еді. Нәтижесінде 14-15, 16-17 жас аралығындағы қыздар командасы 1 орынды иеленсе, 16-17 жастағы ұлдар командасы 3 орын алды. Финалда қыздарымыз ақтөбеліктермен және астаналықтармен ойнап, жеңіске жетті. Ал ұлдар ақтөбеліктерден ұтылып қалды.
Толығырақ сілтемеде
