Өткен жылдың қарашасында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Нұрлан Таубаев арада үш айдан астам уақыт өткенде журналистермен алғаш рет баспасөз конференциясын өткізді.
Шенеунік осылай деп тым сенімді айтқанымен, іс жүзінде облыс аумағындағы заңсыз жылыту қазандықтары, жол жөндеу жұмыстары, халықты тұрғын үймен қамту мәселелері туралы тілшілердің қойған сұрақтарына жарытып жауап бере алмады.
Бірақ, басқарма басшылары да қатырмады. Тілшілердің мысы басты ма, әлде басқа да себептер болды ма, сөздерінен жиі жаңылысты.
Белгіленген уақыттан жарты сағат бұрын басталып, лезде біткен жиналыс қорытындысынан түйгеніміз – 2018-2019 жылдардағы маусымдық дайындық жұмыстарына облыс бойынша 8 миллиардтан астам теңге бөлінген. Ал, өзге мәліметті Нұрлан Таубаев өзі уәде еткендей жазбаша түрде жіберіпті. Оған сенсек, өткен жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 33 млрд. теңге қарастырылып, нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар 75,3, ал қалада 201 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.