Жаңалықтар

БІРНЕШЕ ГРАН-ПРИМЕН ОРАЛДЫ

Атырау, Caspian News.

Жергілікті «Дархан» өнер мектебінің бишілері Нұрсұлтан қаласында өткен  республикалық «Ақ көгершін» ән-би байқауынан бас жүлдемен оралды. 

Бұдан бөлек олар, Елордада өткен  «Таңғы шұғыла», «Астана старс», «На крыльях мечты» және халықаралық «Звезды мира» сайыстарына қатысып, тағы да үш бірдей бас жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, жас ерекшеліктері бойынша өнер көрсеткен «Ерке сылқым», «Алтын өрнек», «Болашақ» би топтары мың бұралған билерімен ғана емес, әртістік қабілеттерімен және сахналық киімдерімен көрермендердің таңдайын қақтырыпты.  Және айта кетейік, «Дархан» өнер мектебінің екі шәкірті Францияның Париж қаласында өтіп жатырған халықаралық ән-би сайысынан да бірінші орынды қанжығалап келе жатырған көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

Қазақстандық шекарашылар браконьерлерден 14 бекіре және 38 тасбақа тәркіледі

Деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, тамыз айында шекарашылар шекара ...