«Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің Атырау филиалындағы бекірелер түгел қырылып қалды. Мамандар зауыт аумағындағы 180-ге жуық бағымдағы бағалы балықтардың өлекселерін шығаруды аяқтады. Өкінішке қарай, 36 мыңнан асатын немесе жалпы салмағы 110 тоннаға жететін үлкенді-кішілі бекіре қазір қарға-құзғын мен ит-құсқа жем болып жағада жатыр. Ал, биылғы көктемде 600-ге жуық аналық бекіреден жарты тонна шамасында уылдырық алып, саттыққа шығаруды жоспарлаған басшылық зауыттың ендігі жерде жұмысын жалғастыру-жалғастырмауы белгісіз, — дейді.
What is your reaction?
                      
                    Excited        
                
                                0
            
                                        Happy
                
                                0
            
                                        In Love
                
                                0
            
                                        Not Sure
                
                                0
            
                                        Silly
                
                                0
            
                                                
                    






