Атырау, Caspian News.
Бота палуан. Осындай атаумен Атырауда «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің 85 жылдығына орай жасөспірімдер арасында қазақша күрестен чемпионат өтті.
Турнирге Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы, сонымен қатар, өңіріміздің жеті ауданынан жалпы 200-ге жуық палуан қатысты. 15-16 жастағы бозбалалар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Бас жүлдеге «Дендер» газетінің кубогы, сондай-ақ, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0