Атырауда кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген жастар саны артуда. Оған дәлел — «Самғау» бизнес-фестиваліне ағылған мектеп оқушылары мен студенттер. «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасы аясында өткізілген шараға қатысқандардың саны биыл 400-ге жуықтады, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 100 адамға көп» дейді ұйымдастырушылар. Фестивальдің басты мақсаты – мектеп оқушылары мен студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамытып, көшбасшылық қасиет қалыптастыру. Іс-шараға келгендер өздерінің бизнес-жоспарларымен таныстырып, түрлі ойындарда бақ сынап, табысты кәсіпкерлерден бизнес жүргізудің алуан тәсілдерін тыңдады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0