Жаңалықтар

«Бақытты отбасы» бойынша жеңілдетілген баспананы кімдер ала алады? (видео)

Атырау. Caspian News. «Бақытты отбасы» бағдарламасына Атырау облысы бойынша 2,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл жоба арқылы жиырма жылға 2 пайыздық жылдық мөлшерлемемен баспана алуға мүмкіндік бар.

Баспана бағасы қалада 15 млн.-нан, аудандарда 10 млн. теңгеден аспауы шарт. Жаңа жобаға тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар, кәмелет жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасы, сондай-ақ, отбасында мүмкіндігі шектеулі баласы бар азаматтар қатыса алады. Баспасөз мәслихатын өткізген энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиевтің сөзіне сенсек, қала мен аудандарда аталған бағдарламаны толыққанды түсіндіру жұмыстары басталып кетіпті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *