Жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Атырау, Caspian News. Өткен жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтерлі болған 12 адамға 10 миллион теңгеден астам соманың тұрғын үй сертификаты табысталыпты.

Бұл қаражат тұрғынның таңдаған пәтерінің алғашқы жарнасын төлеу үшін қайтарымсыз түрде берілген. Былтыр осындай сертификаттар үшін 1 млдр.теңге қарастырылған еді, бірақ, оның көп бөлігі игерілмей қалыпты. Осы мақсаттағы жұмыстар биыл да жалғасады, — дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары.

Тұрғын үй сертификаттарына белгілі бір санатқа жататын азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер ие бола алады.

Ол үшін қалалықтар тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөліміне, ал аудан тұрғындары жергілікті әкімдікке өтініш жазады. Және жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама, соңғы 6 айдағы еңбекақысы туралы анықтама, бастапқы жарнаның мөлшерін қамтитын қарыз сомасы, өтініш берушіге ипотекалық несие беруді мақұлдайтын екінші деңгейлі банктің хатын тапсырады.

1. Өтініш;

  1. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  2. Жұмыс орнынан анықтама;
  3. Соңғы 6 айдағы еңбекақы туралы анықтама;
  4. Бастапқы жарна туралы мәлімет;
  5. Екінші деңгейлі банктің келісім хаты;

Жаннат Молдашева.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *