«Еліміздің батыс аймағы 2023 жылдың 1-желтоқсанынан бастап елорда уақытына ауысады». Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты көпшілік бір-біріне жарыса жіберіп, анық-қанығын біле алмай әлек. Мына хабарламада Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облысында 2023 жылдың 30-қарашасынан 1-желтоқсанына қараған түні сағат тілінің бір сағат алға жылжитыны айтылыпты. Осыған қатысты экология және табиғи ресурстар министрлігі пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz . «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесін зерделеп жатыр. «Депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың, қоғам пен ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Алайда қазір бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ. Нақты шешім егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін, сондай-ақ, қоғамдық талқылаудан кейін қабылданады» делінген ресми мәлімдемеде.
Толығырақ бейнематериалда https://fb.watch/nMUAstGauu/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
1
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0