Жаңалықтар

БАЛАНЫҢ ДЕНЕСІ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ (видео)

Атырау, Caspian News.

Жайық өзенінен 2008 жылғы баланың денесі іздестірілуде. Оқиға түстен кейін сағат төрттер шамасында орын алған. Куәгерлердің айтуынша Балықшы ықшам ауданындағы көпірдің бойында ойнап жүрген 11 жасар бала абайсызда құлап кеткен. Оның соңынан құтқармақ ниетпен артынан 2007 және 2010 жылы туған достары секірген. Абырой болғанда оларды тұрғындар құтқарып алған. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы», ТЖД және Полиция департаментінің 20-дан астам қызметкері мен құтқарушылары, сондай-ақ, сегіз арнайы техника жұмылдырылған. Ал ауруxанаға жеткізілген екі бала қазір дәрігерлердің бақылауында.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *