Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚҚЫСТАУ МЕН АТЫРАУ АРАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылы мен Атырау қаласы арасындағы қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданды. № 98-автобус Аққыстау– Атырау, Атырау – Аққыстау бағытында күн сайын қатынайды. Тұщықұдық ауылының ішінде 3 жерде, ал Хамит Ерғалиев ауылы тұсында екі жерге аялдайды. Осы уақытқа дейін екі ортада жүретін такси жүргізушілеріне 1 500 теңгеден төлеген халық мұндай өзгеріске дән риза.

Билет құны 800 теңге. Балалар мен мүгедектерге 50 % жеңілдік жасалады. Билетті Аққыстау теміржол вокзалындағы арнайы кассадан және Атырау теміржол вокзалы маңындағы авто бекет ішінен немесе онлайн сатып алуға болады. Жол жүрі құжатын басып шығарудың қажетілігі жоқ. Жолаушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетсе жеткілікті.

Қоғамдық көлік Аққыстаудан қалаға ертеңгілік 8-де шықса, Атыраудан Аққыстауға қарай Атырау теміржол вокзалы маңындағы автобекет алдынан түстен кейін 4 жарымда қозғалады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *