Басты ақпаратЖаңалықтар

Аққулардың өлексесі өзге аумақтардан да табылып жатыр

Маңғыстау облысында өлген аққу саны 1000-ға жуықтады. Құстардың өлексесі Қаракөлден емес, енді өзге аудандардың тұсындағы теңіз жағалауынан табылуда.

Мысалы Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының тұсындағы Каспий жағасынан 20 аққудың өлексесі табылды. Маңғыстау облыстық зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары бұл жерден де сынама алып, зерттеуге кірісті. Ал экологтар теңізде ластаушы заттар бар ма, жоқ па — соны анықтамақ.

Теңізге тұрмыстық қатты қалдық, қоқыс немесе мұнай-химия төгілген болса, онда тек құстарға емес, Каспийдегі өзге де тіршілік иелеріне қауіп төндіруі мүмкін дейді мамандар. Яғни, аққулардың өліміне физикалық немесе антропогендік фактор әсер етті ме жоқ па, дәл қазір дөп басып айту қиын. Табиғат қорғаушылар Түпқараған ауданының маңындағы теңіз жағалауынан да аққулардың өлексесі табылып қалуы ықтимал деп отыр Жалпы ауданда аққудың жаппай қырылуы соңғы рет 2006 жылы болған екен. Ветеринарлар ауылдарда тауық және тағы да басқа құстарды егу жұмысы жасалғанын айтады. Олар қазір өлекселерді өртеп жатыр.

Себебі, құс тұмауы үй құстарына жұқса, олардың да сеспей қататыны сөзсіз. Айтпақшы мамандар тұрғындардың теңіз жағасына келуіне тыйым салды.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *