Жаңалықтар

Ақша айырбастау пункттері ұсақ номиналды шетел валютасын айырбастаудан бас тартуда

Мұнайлы астанамыздың айырбастау пункттері ұсақ номиналды шетел валютасын айырбастаудан бас тартуда.

Атырау қаласының кейбір валюта айырбастау орындарында доллардың сату бағамы 400 теңгеге таяп қалды. Мәселен, қазір, доллар құны 396 теңгеден 398 теңгеге дейін көтерілуде. Оған қоса, түске дейін айырбастау таблолары жұмыс істемей қалған, кейін қайта қосылса да, ондағы сандар белгілі бір уақыт арасында құбылып тұрды. Жаһандық қор мен валюта нарықтарындағы бұл жағдайдың орын алуының кем дегенде екі себебі бар: бір жағынан COVID-19 вирусының таралуына мүмкіндік бермейді, ал екінші жағынан — Brent маркалы мұнай бағасының күрт құлдырауы және қор биржаларындағы доллар мен еуроның тиісінше қымбаттауы.

Айырбастау пункттерінің айтуынша, азаматтар валютаны кешегі күннен бастап сатып алуда. Айта кету керек, Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 393,5 теңгеге белгіленіп, 11 теңгеге жоғарылаған. Ал еуро бағамы 423,8 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, мұнай бағасы 2020 жылдың 6 наурызынан бастап барреліне $50 доллардан $35 долларға дейін төмендеді, яғни 30% — дан астам.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *