Ақтөбеде 14 жыл бойы қаржы жымқырған мұнай компаниясының қызметкерлері сотталды. №2 қалалық сотта Қытай капиталына тиесілі «Ту-Ха» мұнай технологиялық қызмет көрсету компаниясы директорының орынбасары мен бас бухгалтері және олардың үш сыбайласына қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу 2 жылдан астам, ал сот процесі 6 айға созылған. Айыпталушылар 14 жыл бойы сеніп тапсырылған қаржыны жымқырып, кейін оны заңдастырып отырған. Шығын көлемі – 6 миллиард теңгеден асады. Ұрланған қаражатқа олар еліміздің әртүрлі қалаларынан 16 пәтер, 8 жер телімі, 3 ойын-сауық кешені, 4 бизнес-класс көлігін қолма-қол ақшаға сатып алған. Сотта олардың кінәсі толық дәлелденді.
- «Сот сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді деп есептеп, айыптау үкімі шығып, үш айыпталушы 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, сот төрелігіне қысым көрсету мақсатында бірқатар БАҚ 2007-2021 жылдар аралығында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына заңсыз сыйақы аударылғаны туралы ақпаратты жариялады. Бұл уәждерді сот пен прокуратура жан-жақты зерттеді. Оларға тиісті құқықтық баға берілді. Осылайша, сот үкімінде бұл уәждерге сыни көзқараспен қарайтынын және мұны қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін қорғау әдісі ретінде қарастыратынын тікелей көрсетті», — дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен ЕЩАНОВ.
What is your reaction?
                      
                    Excited        
                
                                0
            
                                        Happy
                
                                0
            
                                        In Love
                
                                0
            
                                        Not Sure
                
                                0
            
                                        Silly
                
                                0
             
                                                
                     
                                        






