Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйден ер адам секіріп өлді

Ақтөбе қаласында 26 қараша күні күндіз көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен ер адам секіріп өлді.

Қайғылы оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, ер адам мұнда өміріне балта шабуға келген.

Оның не себепті өзіне қол жұмсағаны әзірге белгісіз.

Ер азаматты көрген куәгерлердің сөзінше, ол жылдам лифтке кіріп, жоғарғы қабатқа көтеріліпті. Тұрғындардың айтуынша, марқұм болған жігіт бұл үйлерде тұрмайды екен.

«Ол күртесінің алдын ашып тастады да, жылдам лифтке кіріп, 14 қабатқа көтерілді. Сол жерден бірден секіріп, өлді», — деді Асхат Бексұлтанов.

Қазір оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты тұрғын үй өмірімен қоштасуға бел буғандардың «сүйікті орнына» айналған секілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жазда дәл осы тұрғын үйдің жетінші қабатынан 33 жастағы келіншек секіріп өлген болатын. Ауыр дертке шалдығып, өлетін болғандықтан, әйел адам осындай қадамға барған екен.

Дереккөз: КТК арнасы

Оқи отырыңыз...

ХҚКО ЖҰМЫСҚА КІРІСЕДІ

ҚЫТАЙДЫҢ YANCHANG PETROLEUM ЗАУЫТЫ РЕСЕЙЛІК МҰНАЙДАН БАС ТАРТЫП, ҚАЗАҚСТАН МЕН БАӘ-ДЕН ИМПОРТТЫ АРТТЫРУДА

БАЛЫҚШЫЛАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК