Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР АВТОГАЗ ІЗДЕП ЖҮР

Ақтауда көлік жүргізушілері бір-екі күннен бері сұйытылған газ үшін кезекке тұруға мәжбүр. Айтуларынша қазір Ақтау қаласындағы газ құю орындарының көбі жабық. Автобекет иелері газдың жоқ екендігін айтуда. Ал ашық бекеттерде ұзын-сонар кезек. Мұнайлы ауданында да осындай жағдай. Тұрғындар енді сұйытылған отын бағасы қымбаттай ма деп қауіптеніп отыр. Ал әкімдік болса газ қоры жеткілікті дейді. Оларға сенсек, бәріне Маңғыстауға басқа өңірлерден көлікпен келіп жатқан туристер кінәлі көрінеді. Себебі автогазды тұтыну көлемі ұлғайған. Маңғыстау облысында 93 автогаз құю станциясы болса, оның 27-сі Ақтау қаласында.
Толығырақ  https://fb.watch/k-StzlDwWY/

Оқи отырыңыз...

ЖҮЗ МЫҢДАҒАН МАҢҒЫСТАУЛЫҚ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

ҚҰЛСАРЫДАҒЫ ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН «БОЛАШАҚ» ЫҚШАМ АУДАНЫ ХАЛҚЫНЫҢ АЙТАРЫ КӨП

КІТАПХАНАДА «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ