«Ақпанда ауа температурасы ауытқып тұрады» дейді синоптиктер. Айдың алғашқы жартысында 18 градусқа дейінгі аязды күндер көп болғанымен, кейін күн жылынып, ауа температурасы 0 градус шамасында болады. Шығыс жақтан солтүстік-батысқа қарай секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, қаланы тұман басатын көрінеді. Сондай-ақ, қыстың соңғы күндерінде қар мен жауын-шашын жауып, боран соғады.
Алдыңғы
Келесі
