Жаңалықтар

АУДАНДАҒЫ СОҢҒЫ ЕСЕП (ВИДЕО)

Аудан әкімдерінің ішінде ең соңғы болып халық алдында есеп берген Қызылқоға ауданының басшысы Нұрсұлтан Бисембиевтің оны өзгелерден ерекше етіп өткізгісі келгені көрініп-ақ тұр.

Қос әкім әдеттегідей президиумға емес, сахнада тұрған қос орындыққа жайғасты. Олар халықпен емен-жарқын әңгімеге дайын екендіктерін осылайша дәлелдегісі келген секілді. 12 беттік баяндаманы оқу үшін Нұрсұлтан Бисембиевке 20 минут жеткілікті болды. Бұл кезде облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов те жай отырмай, кейбір мәселелерді өзінің қойын дәптеріне түртіп отырды.

Ал, Бисембиевтің баяндамасына сенсек, Қызылқоғада мал басы бір жыл ішінде 6000-ға артып, 12 мың тонна сүт пен 15 мың тонна ет өндіріліпті. Бірақ, малшыларды ауыз судың тапшылығы мен мал ұрлығы алаңдатып отыр.


Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ, Қызылқоға ауданының әкімі

Аудандағы ауыл шаруашылығын дамытудағы басты мәселе – өр суының соңғы жылдары келмеуі болып отыр. Ойыл өзені арқылы жайылымдарға шығатын өр суын реттеу мақсатында «Ералы су торабында» орналасқан гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту үшін жоба әзірленуде.

Және де олар әлсін-әлсін бой көрсететін бруцеллез ауруымен алысып шаршағандықтарын айтып, бұған бір нүкте қоюды сұрады.

Бруцеллезге тек қана ауданның әлі келмейді. Соны облыстық штаб құрып, ветеринария басқармасы бар, инспекция бар соларды жинақтап осы ауданды түгел тазартпасақ болады емес.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің айтуынша, бруцуллезге қарсы жұмыс жасалып жатыр, тіпті сонау Алматыдағы ғылыми-зерттеу институтынан мамандар шақыртылған. Олар ең бірінші кезекте аурудың ошағы болып табылатын Жасқайрат ауылында зерттеу жұмыстарын жүргізбек. Бұдан басқа, қызылқоғалықтарды облыс орталығы мен аудан арасында асфальт жолдың болмауы да қинап отыр.

Қызылқоға ауданы алыс аудан. Жол қатынасы нашар. Тікелей жолы да жоқ облыспен.

Алыстағы аудан халқын тұрғын үй мәселесі де алаңдатады. Бір баспанаға зәру боп жүргендер мұнда да жетерлік. Есептік жиында бұдан да басқа мәселелер көтерілді. Мысалы, Алаш қозғалысының белсендісі Халел Досмұхамедовтың есімін осындағы бір ауылға беру туралы ұсыныс айтылды.


Күнайым Сәкен, Арзу ҚАРАШ, Фархад ТӘЖІБАЕВ, «Caspian news» Қызылқоға ауданынан

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *