Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АУДАНДАҒЫ МЕЙРАМ

Бүгінгі көрісу мейрамы облыс аудандарында да салтанатты түрде аталып өтілді. Исатайлықтар тіккен аққанат киіз үйлер мерекелік шараға ерекше реңк берсе, жиналған жұрт қыстан аман шықтық деп бір-бірімен есендікте қауышқандарына шүкіршілік айтысты. Жалпы аудан тұрғындары бұл мерекені түрлі форматта өткізбек. Көше мейрамын жасап, жұртшылықты бір-бірімен табыстырмақшы, сонымен қатар әр көшенің шарасын арнайы комиссия бақылап, алда келе жатқан наурыз тойында үздіктерді анықтауды жоспарлап отыр. Мереке өнерпаздардың ән-жырына ұласты.

Оқи отырыңыз...

МОНИТОРИНГ БУДЕТ УСИЛЕН (видео)

Атырауда «Lada Vesta» көлігінен қара уылдырық тәркіленді

Қазақстандықтарға өтемақы төлене ме – Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады