Атырау, Caspian News.
Күні кеше генерал-майор шенін алған Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаев атқарып отырған лауазымынан босатылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кезекті шенін алғаннан кейін туған жері Қызылқоға ауданына барып, ауылдастары ұсынған арғымаққа отырған Аян Дүйсембаевтың қуанышы ұзаққа созылмады. Әлеуметтік желіде тараған осы бейнероликтен кейін Атырауға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди бастаған арнайы комиссия барған еді. Қызметтік тексеріс жүргізген комиссия енді генерал-майорды жұмысынан босату туралы ҚР Президенті әкімшілігіне ұсыныс бермек. Ал, департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат Қалиев жылы орнын суытты. Сондай-ақ, бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.