Жаңалықтар

Атырау-Астрахань тас жолы салынады

Мамырда Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы басталады. Құрманғазы ауданына іссапармен барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ауқымды жұмысқа дайындық барысын тексеріп, жұмысшылармен кездесті. Бүгінде 60 шақырым, яғни, ауданға кіреберістен бастап Котяев кеден бекетіне дейінгі жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған республикалық бюджеттен 26 миллиард теңге бөлінген. Жобаға 30-дан астам техника жұмылдырылыпты. Ал жұмысқа қабылданғандардың басым бөлігі Құрманғазы ауданынан.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *