30 жылдан астам тарихы бар «Алтынай» халықтық би ансамблі Атырауға келді. Олар қазақ би өнерінің падишасы саналған Шара Жиенқұлованың және би қоюшы, этнограф фольклорлардың билерін жергілікті көрерменнің назарына ұсынды. Сондай-ақ халық арасында ұмыт болып бара жатқан қазақтың — буын, кербез, киіз басу сынды көне билерді де қоюды ұмытқан жоқ. Тек Қазақстанда емес, дүниежүзінде өнер көрсетіп жүрген ансамбльдің құрамында қазір 40-қа жуық биші бар. Олар алдағы уақытта гастрольдік сапармен еліміздің өзге де өңірлеріне жол тартпақ.
Бекзат АҒИЯР, ансамблдің мүшесі:
Біздің ансамблдің репертуары өте бай деп айтуға болады. Дәстүрлі билерді насихаттаймыз, халықтық, ұлттық билерді насихаттаймыз.+ Бұған үлкен қолдау көрсеткен Алматы облысының мәдениет басқармасының басшысы, Алматы облысының Мәдениет басқармасының бастығы Аманқос Ғаббасұлының үлкен қолдауымен облыстарға шығып ансамбліміздің жеке концертін халыққа ұсынып жатқан жайымыз бар.