Атырауда жыл санап халық саны өсуде, сәйкесінше авткөліктердің де қатары көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде жол кептелістері, көлік қоятын орынның жетіспеушілігі сияқты проблемалар туындатып отыр. Бұл мәселе Атырау қаласы әкімдігінде өткен жиынның басты тақырыбына айналды.
Қоғамдық кеңес мүшелері әсіресе, әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекеме алдарындағы автотұрақтардың жетіспеушілігіне баса көңіл бөлу керек дейді. Сондай-ақ, өздеріне тиесілі тұрақтарын кеңейтпей, жүргізушілерге жағдай жасамай отырған сауда орталықтарының басшыларына да сын айтылды. Дегенмен, олар да қарап қалмады. Мәселені базар әкімшіліктеріне аудара салмай, оны шешу үшін жергілікті әкімдіктің де көмегі қажеттігін айтты.
Бұдан өзге қаланың басты көшелері мен тұрғын үй аулаларын тексерген кезде де біршама кемшіліктер анықталған: коммуналдық және арнайы қызмет көліктері кіріп-шығуы тиіс жердің барлығы жабық. Бірақ, бұған тиісті орындар назар аудармайтын көрінеді. Оның себебін қоғамдық кеңес мүшелері былайша түсіндірді:
Бұған аса көңіл аудара қоймаған қалалық әкімдіктегілер автотұрақ жетіспеушілігін қазіргі кезде салынып жатқан тұрғын үйлердің дұрыс жоспарланбауынан көріп отыр. Дегенмен, ол да жуықта шешіледі деп сендерді қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи. Оған сенсек, бұл бағытта біршама жұмыс жасау жоспарланып отыр екен.
Тұрақтың тапшылық етуіне қалада автокөліктер санының артуы да әсер етіп отыр дейді полицейлер. Олар таратқан ақпарат бойынша, соңғы үш жылда облыстағы көлік саны бір жарым есе артып, 156 мыңға жеткен.