Жаңалықтар

Атыраулық тұрғындардың үйлеріне бір сағат көлемінде жылу беріледі

Атырау жылуэлектрорталығында тесік түзілу салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметі.

Бұл туралы «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айбар Рахманов хабарлады. Оның айтуынша, бүгін, 19 қаңтарда шамамен сағат 19.00-де жылу желісі ажыратылды.

-Атырау ЖЭО шығатын екі магистралды желінің бірінде тесік пайда болған. Аталған учаскені ажырату үшін жылу желілерінің жұмысын тоқтату керек болды, — дейді Айбар Рахманов.

Қазір зақымдалған жер өшірулі тұр, ЖЭО жұмысшылары жылу желілерін іске қосумен айналысып жатыр.

— Атыраулықтардың үйлеріне 1 сағат көлемінде жылу берілді, -деп нақтылады Айбар Рахманов.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *