Жаңалықтар

Атыраулық жігіт 11 жыл бойы жедел жәрдемде тегін жұмыс істейді

Атыраулық Арман Қасымов 2008 жылдан бері облыстық жедел жәрдем стансасында тегін жұмыс істейді. Яғни, ерікті. Бүгінде мұнай компаниясында қаржыгер болып жұмыс істейтін азамат 11 жыл бойы бос уақытын фельдшерлерге көмектесумен өткізіп келеді.

Алғашында тек «барып кел-шауып келмен» жүрген ол бүгінде бұл мамандықтың қызығы мен шыжығына әбден қанық. Тіпті, мұндағы мәселелерге де тоқталды.

Арман ҚАСЫМОВ, ерікті

Ең біріншіден, бізге техника жетіспейді. Техника дегеніміз – санитарлық көліктер. Бірақ жыл басында осы сұрақ шешіледі деген сенімдеміз. Яғни, республикалық бюджеттен алынған 20 көлікті күтіп отырмыз. Сонымен қатар, менің ойымша, қала тұрғындарынан, халық тарапынан біздің жұмыс, немен айналысатынымыз туралы түсінік жетіспейді.

Арманның ерікті ретінде жұмыс жасауына өз басынан өткен жағдай себеп болған. Бірде жаны қысылып, жедел жәрдем шақырғанда, фельдшерлер ұзақ уақыт бойы келмеген. Және мұндай жағдайдың жиі қайталанатындығын жақындарынан да естіген соң, жедел көмек көрсету стансасы мамандарының жұмысын өз көзімен көрмек боп шешіпті.

Ал облыстық жедел жәрдем стансасы мамандарының сөзінше, еріктілерге ешқандай жалақы да, әлеуметтік көмек те берілмейді. Соған қарамастан, өтініш білдіретіндердің саны көп. Алайда, бәрін бірдей қабылдай алмаймыз,- дейді олар. 

Наргиз БАЙМОЛДАЕВА, Атырау облыстық Жедел жәрдем стансасы басшысының орынбасары:

Әдетте еріктілермен міндетті түрде сұхбаттасамыз. Медициналық білімнің болуы шарт емес, бірақ денсаулығының мықты болғаны абзал. Ынта-жігеріне де мән береміз. Мұндағы жұмыстар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті қызметтік көлікке бәрін бірдей отырғызбаймыз. Жұмысты әркімнің қабілеті мен жасына қарай ұсынамыз.

Бүгінде жедел жәрдем стансасында отыздан астам ерікті қызмет етеді. Олардың қатарында оқушылар, студенттер мен әртүрлі саланың қызметкерлері бар. 

Күнайым Сәкен, Айбек Өтемісов, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *