Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚТАР «АЯЛЫ ӘЖЕ» ЭСТАФЕТАСЫН МАҢҒЫСТАУ ХАЛҚЫНА ЖОЛДАДЫ

Атырауда Ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Аялы әже» эстафетасы ұйымдастырылып, дәстүрлі мүсін Маңғыстау облысының өкіліне табысталды. Салтанатты жиынға «Хиуаз» әжелер клубы мен «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі, «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы және Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін насихаттау мақсатында өткен іс-шарада қала-аудандардағы ардагерлер ұйымдарының жанынан құрылған әжелер алқасының көптеген танымдық-тәрбиелік жұмысты жасап отырғандығы айтылды. Және Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің жетекшісі Мұрат Өтешов маңғыстаулық әріптесіне естелік төсбелгі тақса, музей директоры Мұхамбетқали Кипиев музей қорындағы жәдігерлер коллекциясы жинақталған 5-томдық ғылыми кітапты тарту етті.

Оқи отырыңыз...

Коллектив филармонии из Атырау выезжает на гастроли в Астраханскую область

ОБЛЫСТА ҚЫЗЫЛША АУРУЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

АЖАЛ ҚҰШТЫРҒАН АТЫС