Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда 222 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Биыл өңірде игерілмей жатқан 222 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Мұны Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали брифинг барысында айтты.

Пайдаланылмай отырған учаскелердің басым бөлігі жайылымдық жер. Және көбісі Жылыой ауданының аумағында. Былтыр өңірдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 3 млн 220 мың гектар болса, биыл 3 млн 209 мың гектар болыпты.

Азаюдың басты себебі — қайтарылған жер көлемінің артуы. Қазір облыстың жер көлемі 11 млн 863 мың гектар, оның ¼-і ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

Сондай-ақ, биыл облыс бойынша жеке тұрғын үй салу үшін 1452 жер учаскесін беру жоспарланған. Әзірге 966-сы берілген. Мамандардың сөзінше, жер кезегіндегі азаматтардың саны жыл санап артып келеді. Қазір кезекте 140 мыңнан астам адам тұр. Оның 111 мыңнан астамы жер телімін облыс орталығынан алғылары келеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *