Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда шопан зымыран снарядының қалдығын тауып алған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде шопан зымыран снарядының конус тәрізді денесін тауып алды. Оқиға 24 қыркүйек күні сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған. Мал бағып жүрген шопан зымыран снарядының конус тәрізді денесін тауып алады. Зымыранның атаулары мен техникалық сипаттамалары әлі анықталуда. Қазіргі уақытта Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына Атыраудан облыстық ПД-не қарасты «Арлан» арнайы жасағының саперлері аттанды.
Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабировтың айтуынша, қазіргі уақытта барлық құзырлы органдарға хабарланған, снаряд қалдығы табылған орын қоршауға алынды, зардап шеккендер жоқ.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *