Атырау, Caspian News. Полицейлер көліктерді айыппұл тұрағына қоюда.
8-16 ақпан аралығында өтетін «Борышкер» республикалық акциясының басты мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру.
Шараның алғашқы екі күнінде 100-ге жуық автокөлік айып тұрағына жеткізілген. Олардың 20-сы «Автоураган» жылжымалы кешенінің көмегімен анықталыпты.
Айып тұрағына қойылған көліктердің 13-і Армения Республикасында, ал, 29-ы Ресей Федерациясында тіркелген. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін бұзған 100-ден астам көлік иесіне айыппұлдарды уақытылы төлеу туралы ескерту берді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0