Атырау, Caspian News. Облыс орталығы мен кейбір аудандарда оқу орталығын ашып, ата-аналарды алдап кеткен келіншек ұсталды.
26 жастағы Орал қаласының тұрғыны уақытша тергеу абақтысына қамалған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін келіншекке алданған ата-аналар туралы айтқанбыз. Кәсіпкер қаланың бірнеше ықшам ауданынан түрлі атаумен оқу орталықтарын ашып, алдын-ала ақша жинап алған. Алайда қызмет көрсетпестен, түрлі сылтаумен орталықты жауып тайып тұрыпты. Алданған жұрт енді қаржысын қайтара алмай жүр. Араларында келіншектің қолына 100 мыңнан бастап 1 миллион теңгеге дейін ұстатқандар да бар. Айтуларынша, Атырау облысы бойынша осы келіншекке алданғандардардың саны 500-ге жуықтауы мүмкін. Бірақ, полицейлерге тек 20 шақты ата-анадан арыз түскен.